00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бейбіт Шүменовтің өрескел әрекеті: Полиция іске қатысты мәлімдеме жасады

12 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бейбіт Шүменовтің өрескел әрекеті: Полиция іске қатысты мәлімдеме жасады

Кеше әлеуметтік желілерде Астанадағы ірі сауда-ойын-сауық орталығының бірінде жұдырықтасқан екі адамның видеосы тарады. Белгілі болғандай, бірі қолында баласын көтерген елордалық тұрғын болса, екіншісі қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталды. Боксшының іс-әрекетіне қатысты қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

«Мегасилквей» ойын-сауық орталығында орын алған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 293 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР қылмыстық процессуалдық кодексінің 201 бабына сәйкес басқа да ақпараттар жария етілуге жатпайды,- деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік боксшының бұл өрескел әрекеті сауда орынындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбадан кәсіпқой боксшы жайбарақат отырған қолында баласы бар ер азаматқа келіп соқтығып жатқанын көруге болады.