Арқалық кен орнында 7 мың тоннадан астам минералды шикізат заңсыз өндірілген

Бүгін, 12:56
Айман Нығмет Айман Нығмет
views57
Арқалық кен орнында 7 мың тоннадан астам минералды шикізат заңсыз өндірілген
фото: t.me/afm_rk

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті «ОГНЕУПОРСНАБ» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде техногендік минералдық түзілімдерді жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Белгілі болғандай, бір жыл бойы компания Арқалық кен орнынан 7 мың тоннадан астам отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатқан.

«Техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше өндіру мен жымқыру – бұл жәй азаматтық-құқықтық дау емес, бұл — Қазақстан халқының меншігі болып табылатын табиғи ресурстарды ұрлауға, сондай-ақ мемлекеттің экономикалық және экологиялық мүдделеріне зиян келтіруге әкелетін қылмыстық әрекет. ЖШС директоры адвокаттың қатысуымен жауап алынды. Оның құқықтары толық сақталған, қандай да бір мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда.»,- делінген ҚМА хабарламасында.

ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.