Алматыда қылмыскер ерлі-зайыптыны атып кетті
22 желтоқсан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Полиция департаменті 20 желтоқсанда Алматы аудандарының бірінде атыс болғанын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оқиға 20 желтоқсан күні таңертең Nef Uptown тұрғын үй кешенінде болды. Белгісіз ер адам элиталық үйдегі пәтерлердің бірін тонамақ болған. Бетперде киген адам өзін электрик ретінде таныстырып, есікті ашуды өтінген. Ал ашқан кезде ерлі-зайыптыға қарумен оқ атқан. Қарақшы полиция келгенге дейін жасырынып үлгерді.
Пәтер иелері аман қалды. Күдікті әлі іздестіріліп жатыр.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факті бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды