00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

25 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ТЖМ

Ұшақ апатына байланысты ІІМ, Маңғыстау облысы және Көліктегі полиция департаменттері қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазір оқиға орнында ІІМ басшылығы жүр. Тергеу барысы министрдің бақылауына алынған.

«Ақтау қаласының маңында АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақтау қаласының маңында ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Сондай-ақ қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды.