Ақтөбе облысында 550 гектар құрғақ шөп өртенді

Фото: видеодан кадр/ТЖМ
Ақтөбе облысында үлкен аумақта даладағы құрғақ шөп өртенді, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылынан 20 шақырым қашықтықта болған. Құрғақ шөп өртенген аумақ шамамен 550 гектар болды. Өртті сөндіру күшті жел мен жоғары температураға байланысты қиындық туғызды. Алайда ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толықтай сөндірілді.
«Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары, «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымдары, жергілікті атқарушы орган және орман шаруашылығы қызметкерлері жұмылдырылды. Барлығы 75 адам мен 14 техника қатысты», – делінген хабарламада.
Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:15
«Грантқа түсіремін»: Астаналық азаматты алдаған алаяқ ұсталды

Бүгін, 12:24
Әлеуметтік осал жандардың атына несие ресімдеу туралы жанжалды іс: банктер мәлімдеме жасады

3 қыркүйек, 2025
Ақтөбеде ауыл тұрғынынан 56 келі марихуана тәркіленді

3 қыркүйек, 2025
Алпыстан астам жәбірленушіге виза алып беремін деп алдаған күдікті ұсталды