«162 млн теңге табыс»: Ақтаулық блогерлер заңсыз лотерея ұйымдастырған

Бүгін, 12:11
Айман Нығмет Айман Нығмет
«162 млн теңге табыс»: Ақтаулық блогерлер заңсыз лотерея ұйымдастырған
фото: видеодан алынған кадр

Ақтау қаласында ерлі-зайыптылар Instagram, TikTok және Telegram желілерінде 850 мыңнан астам оқырмандары бола тұра, ауқымды онлайн-лотереялар ұйымдастырған, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар лотерея операторы ретінде тіркелмегеніне қарамастан, автокөлік, пәтер және басқа да бағалы жүлделер ойнатқан.
Қатысушылар құны 500-ден 50 000 теңгені құрайтын билет (цифрлық нөмір) сатып алып отырған.

«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан. Заңсыз қызмет нәтижесінде қылмыстық табыс сомасы 162 млн теңгеден асқаны анықталды. Қазіргі уақытта күдіктілердің мүлкі мен банк шоттарына тыйым салынды»,- делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.