Әлеуметтік желілерде қазақ әндері тағы да жоғалып кетпей ме: Әділет министрі жауап берді


Мәжілістің жалпы отырысында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған орай Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевқа сұрақ қойды.
«Өткен жылы ақпарат құралдарында үлкен ақпараттық серпіліс болғанын білесіздер. Нақтырақ айтсақ, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде отандық орындаушылардың музыкасы, соның ішінде, нақтырақ қазақ әндері де бір сәтте жоғалып кетті. Осы заң аясында мұның тағы қайталанбайтынына кепілдік бола ма? Өйткені қазақ әндері, отандық орныдаушылар жақында ғана әлеуметтік желіге, яғни Instagram, Facebook-ке қайта оралды. Енді қайтадан жоғалып кетпей ме және осы уақытқа дейін оның себебі неде болды?» - деп сауал қойды Дәулет Мұқаев.
Бұл сауалға Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жауап берді.
«Шынында да, біз ондай кепілдік бере алмаймыз. Ал енді осы проблеманың түбінде жатқан келесі мәселе болып тұр: Facebook пен Instagram-нан музыканың жоғалуы ол ұжымдық құқықтарды басқару ұйымы мен Meta платформасының арасындағы шарттық қатынастардың тоқталуымен байланысты болған. Сондықтан музыканы заңды пайдалану үшін автордың немесе авторлық құқық иесінің рұқсаты керек деп санаймын. Сондықтан бұл мәселені шешуді шарттық қатынастар жағдайында жүзеге асыруға мүмкіндік көзделген», - деді Ерлан Сәрсембаев.



