00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру керек – депутат

Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру керек – депутат
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, Amanat партиясы фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова төменгі палатаның жалпы отырысында жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру және оларды әлеуметтік қолдау шараларын күшейту қажеттігі мәселесін көтеріп, Үкімет басшысына депутаттық сауалын жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Ж.Сүлейменованың айтуынша, жұмысшы мамандардың жалақысын есептеудің жаңа әдістемесін енгізу және еңбек заңнамасына сәйкес қосымша бонустар мен сауықтыру төлемдерін қарастыру маңызды. Сондай-ақ жұмысшы жастардың баспана мәселесін шешу үшін «Отбасы банк» арқылы жеңілдікпен ипотекалық бағдарламалар әзірлеу ұсынылды.

«Жұмысшы мамандықтардың жалақысын заманауи талаптарға сай қайта қарап, тұрғын үй мәселесін шешу – олардың еңбек өнімділігі мен өмір сапасын арттырудың негізгі қадамы», – деді депутат.

Сонымен қатар депутат жұмысшы мамандықтарға жастардың қызығушылығын арттыру үшін олардың мәртебесін көтеру және әлеуметтік жеңілдіктерді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бұл бастамалар елдегі жұмысшы кадрлардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және еңбек нарығын дамытуға бағытталған.