Отандық фильмдерді енді «Кинопоиск» платформасынан көруге болады

Бүгін, 17:46
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Отандық фильмдерді енді «Кинопоиск» платформасынан көруге болады
Фото: kinopoisk

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсірілген фильмдерді «Кинопоиск» платформасынан тамашалауға болады. Онда 17 фильмнен тұратын арнайы тақырыптық жинақ ұсынылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл көрерменге Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген өзекті әрі маңызды киножобаларды ыңғайлы форматта көруге мүмкіндік береді.

Ұсынылған фильмдер қатарында «Патриоттар уақыты», «Каникулы off-line 2», «Дос-Мұқасан», «Қажымұкан», SHULAMAH, «Ағайындылар», «Дала қасқыры» және басқа да маңызды тақырыптағы фильмдер бар. Алдағы уақытта бұл тізім жаңартылып отырады.

«Кинопоиск» – Қазақстандағы жетекші бейнесервис. Онлайн-кинотеатр ең табысты қазақстандық фильмдер мен мазмұнды сериалдарды ұсынады. Соңғы деректер бойынша, 2024 жылдың алғашқы жартысының өзінде қазақстандық контент 5 миллион сағаттан астам уақыт қаралған.