Алғаш рет кітапханашы ақындар арасында жыр мүшәйрасы өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінен
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы тұңғыш рет кітапханашылар мен кітапхана саласында қызмет ететін ақындар арасында «Абайдың алып айдыны» тақырыбында республикалық жыр мүшәйрасын ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналып өткізілді. Байқаудың мақсаты – мәдениет пен әдебиетті, ұлттық ғылым мен өнерді қолдау, кітапхана мен кітапханашы еңбегін насихаттау.
Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге жуық үміткер өтінім жіберіп, ақтық сында 75 қатысушы өзара бақ сынады.
Жыр мүшәйрасының жүлдегерлері мен арнайы номинация иелеріне ақшалай сыйлықтар мен дипломдар, «Абай – 180 жыл» мерейтойлық төсбелгілері табысталды.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 08:53
Астанада «Оғыз далалық мәдениетінің іздері» атты халықаралық көрме ашылды

25 қыркүйек, 2025
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Парижде аталып өтті

25 қыркүйек, 2025
Маңғыстау жерасты мешіттері сараптамадан өткізілді – Ерлан Қарин

25 қыркүйек, 2025
«Астана Балет» театры Кореядағы Дүниежүзілік фестивальге қатысады