16 жылдан астам уақыт іздеуде болған қылмыскер ұсталды
12 ақпан, 2025
Фото: freepik.com
Шымкентте 16 жылдан астам уақыт іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлға ұсталды, - делінген хабарламада.
Атап айтқанда, 2009 жылғы 9 қаңтарда «Астория» кафесінің жанында «А» есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмысты жасап, тергеуден жасырынған.
Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды