Жапонияда Азиада ойындарының жабылу рәсімі өтті: Қазақстан 50 медаль иеленді

Бүгін, 17:10
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Жапонияда Азиада ойындарының жабылу рәсімі өтті: Қазақстан 50 медаль иеленді
Фото: Туризм және спорт министрлігі

24 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Осылайша 18-24 қазан аралығында ұйымдастырылған құрлықтық дода ресми түрде өз мәресіне жетті.

Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы 50 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 12 алтын, 16 күміс және 22 қола жүлде бар. Осы нәтижемен отандастарымыз жалпыкомандалық есепте тоғызыншы орынға тұрақтады.

Биылғы Азия Пара ойындарында Қазақстан намысын 12 спорт түрінен 150 спортшы қорғады. Бір аптаға созылған жарыста отандастарымыз пара дзюдо, пара велоспорт, пара жүзу және өзге де спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болды.

Қазақстанды параспортшылар арасынан Актолқын Сейілбекова, Зарина Раифова, Наиль Ермұханбет және Анастасия Калаус алтын медаль жеңіп алып, ел қоржынының толығуына үлес қосты.

Еске салайық, бұған дейін Жапонияда V Азия Пара ойындарының ашылу салтанаты өткені туралы жаздық.