Қазақстандық садақшылар Азия кубогының кезеңінде бақ сынайды

Бүгін, 14:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстандық садақшылар Азия кубогының кезеңінде бақ сынайды
Фото: worldarchery

Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Аталған жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады. Отандастарымыз жекелей және командалық сайыста бақ сынайды.

Ұлттық құраманың тізімі:

Классикалық садақ, ерлер: Мухаммад Бегайдар, Әлемхан Қабдрахманов, Қамар Рахымжан, Санжар Ержанұлы;

Классикалық садақ, әйелдер: Назеркеш Әлібек, Ангелина Власова, Ясмин Ғалиахмет, Анастасия Солодовникова;

Блоктық садақ, ерлер: Данияр Жұмаев, Ислам Серікұлы, Никита Ивлев, Павел Кузнецов;

Блоктық садақ, әйелдер: Аяжан Жақсылық, Милана Бурлева, Эльмира Раисова, Жанель Шадьярова.

Айта кетейік, Азия кубогының кезеңі 24-29 қазан аралығында өтеді.