World Boxing: қазақстандық екі боксшы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткер атанды
22 желтоқсан, 2025
Фото: olympic.kz
World Boxing халықаралық федерациясы «Жылдың үздік боксшысы» атағына үміткерлерді жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Үміткерлер тізіміне Қазақстан ұлттық құрамасының екі боксшысы енді.
Ерлер арасында биыл әлем чемпионатында жеңіске жетіп, Астанада өткен әлем кубогының кезеңінде топ жарған Махмұд Сабырхан номинацияға ұсынылды.
Ал әйелдер арасында Наталья Богданова үміткер атанып отыр. 2025 жылы ол әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, әр номинация бойынша бес боксшыдан ұсынылған. Дауыс беру 26 желтоқсанға дейін жалғасады және Instagram желісінде жанкүйерлер арасында «1 лүпіл = 1 дауыс» ережесімен өткізіледі.
Айта кетейік, мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Қазақстан бессайысшылары 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді
20 қыркүйек, 2026
Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Азиаданың үшінші алтыны: Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарының чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын әкелді