Үкімет ШОБ кәсіпорындарын жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосады
23 желтоқсан, 2025
Фото: primeminister.kz
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеуші секторлардың ЖІӨ-дегі үлесін одан әрі ұлғайту үшін кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттырып, оларды жаңғырту жұмыстарын, оның ішінде шағын және орта бизнес өндірістерін қайта жабдықтау есебінен ынталандыру керек екенін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өнеркәсіп министрлігіне келесі жылдың қаңтар айынан бастап өңдеу өнеркәсібінде өндірістік қуаттарды жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосуды тапсырамын.
Микро және шағын бизнес өкілдері қосымша кепілдіксіз 300 млн теңгеге дейін өз өндірістерін жаңғырту мүмкіндігіне ие болады.
Өндірісті қайта жабдықтау кәсіпорындардың өнімділігін ұлғайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Елімізде ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасып келеді
17 қыркүйек, 2026
Олжас Бектенов инвестиция тарту жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді
16 қыркүйек, 2026
Қазақстанда көлеңкелі экономика үлесі 15,69 пайызға дейін төмендеді
16 қыркүйек, 2026
Үкіметте жылыту маусымына дайындық барысы қаралды