Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті.
Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырды. Аталған жиындар мамыр айының соңында Астана қаласында өтеді.
Тоқаев Лукашенконы Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды
29 сәуір, 2026
Фото: Ақорда
Ұқсас жаңалықтар
2 қазан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты
2 қазан, 2026
Президент ЖИ технологиясын дамытуды көздейтін «Вашингтон моделін» құптады
2 қазан, 2026
Үкіметке индустриядағы ЖИ-міндеттерді айқындау және ұдайы жаңарту тәртібін әзірлеу тапсырылды
2 қазан, 2026
Президент көлік-логистика саласына ЖИ енгізуді талқылауды ұсынды