Тоқаев Путинді елорда әуежайынан қарсы алды
27 қараша, 2024
Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан қарсы алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәртебелі қонақты күтіп алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті және Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды.

Бұдан кейін кәсіби суретші Әсел Сабыржанқызы (Ассоль) Владимир Путин Астанаға ұшқан сәтте сала бастаған картинасын таныстырды. Ол сондай-ақ мемлекеттер басшыларына полотноны жазуға үлес қосуды ұсынды. Картина Ресей Президентіне сапар соңында сыйға тартылады.
Ұқсас жаңалықтар
18 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының президентіне алғыс айтты
18 қыркүйек, 2026
Президент Конституциялық Сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата төрағаларын қайта тағайындады
16 қыркүйек, 2026
Президент Кореядағы Қазақстан азаматтарымен кездесті
16 қыркүйек, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулдегі қазақ этноауылына барды