Жылыой ауданының Теңіз қалашығында көші-қон қызметі қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан аумағында болу тәртібін бұзған 27 шетел азаматы ел аумағынан тысқары шығарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ Көші-қон комитетіне сілтеме жасап.
Оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданды.
Сонымен қатар шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Еске сала кетсек, Ресейден экстрадицияланған қазақстандық 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.