Сұңқар Қанибек жасөспірімдер арасында каратэден әлем чемпионы атанды

Сұңқар Қанибек жасөспірімдер арасында каратэден әлем чемпионы атанды
Фото: Қазақстанның каратэ федерациясы

Польшаның Бельско-Бяла қаласында кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстанның каратэ федерациясына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер санатында кумите бағдарламасында 76 кг дейінгі салмақтағы спортшымыз Сұңқар Қанибек топ жарды. Отандасымыз финалда Броди Калленмен (Шотландия) шеберлік байқасып, айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 4-0.

Жүлдегерлер:
1. Сұңқар Қанибек
2. Каллен Броди
3. Армандо Муца
3. Бадер Әл-Баргави

Сұңқар 2024 жылы дәл осы салмақта әлем чемпионы атанған тағы бір отандасымыз Әлихан Қадырғалидың жетістігін қайталады.

Еске салсақ, шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды