Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер командасы Жапонияның Саппоро қаласында 15–18 қазан күндері өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аруларымыз жарыс барысында жалпы үш кездесу өткізді. Турнир қожайындары Жапония құрамасымен өткен матчта отандастарымыз 0:4 нәтижесімен жеңіліс тапса, Қытай өкілдеріне қарсы ойында 1:2 есебімен есе жіберді.
Ал шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерінен 5:1 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Енді сары құрлық додасының финалында Жапония мен Қытай өзара мықтыны анықтайды.
Еске сала кетсек, Жапонияда V Азия Пара ойындарына қатысушы елдердің тулары көтерілді.