Созақта заңсыз алтын өндірген бір топ адам ұсталды
5 ақпан, 2026
Фото: freepik.com
Түркістан облысының Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерді өз бетінше игерумен айналысқан 12 адам анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Тексеру барысында олардың рұқсат құжатынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, шамамен 451 грамм алтынөндіргені анықталды.
Қазір Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 5 күдікті үйқамаққа алынды.
Прокуратура заңсыз пайдалы қазба өндіру экологияға елеулі қауіп төндіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін және оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Астанада 13-қабаттағы пәтер мен лоджияда өрт шықты
19 қыркүйек, 2026
Астанада пәтердегі өрт кезінде әйел құтқарылды
17 қыркүйек, 2026
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты
16 қыркүйек, 2026
Бас прокуратура ескертеді: Талдықорғандық трейдингке сеніп 7 млн теңгесінен айырылды