Қазақстанның демографиялық көрсеткіштері жақсарды
Елімізде жыл басынан бері туу деңгейі артып, өлім-жітім айтарлықтай төмендеген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Мекеменің мәліметтері бойынша 2026 жылдың қаңтар айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда:
- туу көрсеткіші 1,8%-ға артты (14,49-дан 14,75-ке дейін);
- жалпы өлім 8,4%-ға төмендеді (6,2-ден 5,68-ге дейін);
- нәресте өлімі 28,5%-ға азайды (6,66-дан 4,76-ға дейін) азайған.
Сондай-ақ жылдың алғашқы екі айында ана өлімі 49,4%-ға төмендеп, сәбилердің шетінеуі 100 мың тірі туған балаға шаққанда 16,2-ден 8,2-ге дейін азайды.
«Бұл нәтижелер денсаулық сақтау жүйесін дамыту, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ заманауи диагностика және емдеу әдісін енгізудегі жүйелі жұмыстың нәтижесі», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, былтыр елімізде 335 мың бала дүниеге келді.