Былтыр елімізде 335 мың бала дүниеге келді

Былтыр елімізде 335 мың бала дүниеге келді
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы елдегі туу көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылдың 12 айында Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді. Олардың 51,5% ұлдар, 48,5% – қыздар.

Туудың ең жоғары коэффициенті Түркістан (1 мың тұрғынға шаққанда 22,22 сәби), Маңғыстау (21,40) облыстарында және Шымкент қаласында (21,76) тіркелді.

Туу көрсеткішінің негізгі үлесі 25-29 жас аралығындағы әйелдерге – 27%, сондай-ақ 30-34 жас аралығындағы әйелдерге – 26,1% тиесілі.

Былтыр 20 жасқа дейінгі қыздар 10,4 мың баланы, ал 50 жастан асқан әйелдер 148 баланы дүниеге әкелген. 20 жасқа дейін босанған аналардың саны Түркістан облысында басым болса, 50 жастан асып дүниеге нәрсе әкелген аналар саны Алматы қаласында көп.

Былтыр туған балалардың 24% (79,8 мыңы) отбасының тұңғышы атанса, кезек саны бойынша отбасында төртінші болып 53,5 мыңнан астам бала дүниеге келген (жалпы 16%).

Еске салсақ, референдум күні елімізде 585 сәби дүниеге келді.