Қазақстандық үш спортшы спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогына қатысады

20 тамыз, 2026
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстандық үш спортшы спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогына қатысады
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Гуйян қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізімі жарияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Аталған бәсекеде ел намысын қорғайтын ұлттық құраманың тізімі келесідей: Әлихан Татамбай, Анна Баларшина, Арина Новицкая.

Отандастарымыз «жылдамдық» дисциплинасында өнер көрсетеді. Сондай-ақ жекелей және эстафеталық сайыстарда сынға түседі.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі 11-13 қыркүйек аралығында өтеді.

Еске салсақ, Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.