Қазақстан құрамасы таеквондодан Болгарияның София қаласында өтетін Bulgaria Open-2026 халықаралық турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Аталған жарысқа 30-дан астам елден 1 269 спортшы қатысады. Сондай-ақ бұл жарыста Қазақстан құрамасының бірінші нөмірлі таеквондошылары сынға түседі.
Турнир үш жас санатын – жасөспірімдер, жастар және ересектерді қамтиды. Бұл дода қазақстандық спортшылар үшін 2026 жылғы алғашқы ресми турнир болмақ.
Айта кетейік, турнир 27-28 ақпан аралығында өтеді.
Бұған дейін Өзбекстандағы Grand Slam турниріне кімдер қатысатынын жазған едік.