Өзбекстандағы Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар анықталды

Бүгін, 18:06
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Өзбекстандағы Grand Slam турниріне қатысатын спортшылар анықталды
Фото: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Ташкентте өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың тізімін алдын ала жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Аталған байрақты бәсекеде ел намысын 14 балуан қорғайды. Ұлттық құрама тізімі төменде көрсетілген.

Ерлер:

60 келі: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар;

66 келі: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов

73 келі: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин;

81 келі: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді;

90 келі: Барақ Арқабай;

100 келі: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдеев;

100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев, Еламан Ерғалиев.

Әйелдер:

78 келіден жоғары: Назгүл Маратова.

Ұлттық құрама тізіміне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Grand Slam турнирі 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.

Еске салсақ, Қазақстан қысқы Олимпиадада үздік 20 елдің қатарына енді.