Референдум-2026

Қазақстан театрларында балаларға арналған қойылымдар көбейіп келеді

Бүгін, 16:51
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстан театрларында балаларға арналған қойылымдар көбейіп келеді
Фото: Василий Крась

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстан театрларында балалар мен жасөспірімдерге арналған 3 948 спектакль қойылып, оларды 559 885 көрермен тамашалады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Балаларға арналған қойылымдарды жас көрермен театрлары, қуыршақ театрлары және жастар театрлары тұрақты түрде жаңартып келеді. Сахнада классикалық және заманауи шығармалар, халық ертегілері желісімен қойылған спектакльдермен қатар, тәрбиелік және танымдық мазмұндағы қойылымдар ұсынылады.

Бұл бағытта жас көрермен театрларының орны айрықша. Театр балалармен қатар жасөспірімдерге де арналған қойылымдарды сахналап, достық, жауапкершілік, таңдау жасау және ұлттық мәдени мұраны құрметтеу сияқты маңызды тақырыптарды арқау етеді.

Балаларға арналған қойылымдар халықаралық деңгейде де жоғары бағасын алып келеді. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «Ұлпан» спектаклімен Бішкекте өткен «ART-ORDO» халықаралық театр фестивалінде Бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар қойылым «Үздік сценограф», «Үздік ер адам рөлі» және «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» аталымдары бойынша марапатталды.

Еске сала кетейік, 10 тамызда Қазақстанда ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбайұлы күні аталып өтеді.