Қостанай прокуратурасы сот арқылы 57 гектар жерді жекеменшік компаниядан қайтарды
31 қазан, 2025
фото: Оңалхан Өнерхан
Қостанай қаласының прокуратурасы «АБЗ плюс» ЖШС жалға алған, кадастрлық құны 1,2 млрд теңге болатын 57 гектарға жуық жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Аталған жер учаскесі коммерциялық аймақ объектілеріне қызмет көрсету үшін берілген болатын. Алайда жүргізілген талдау барысында жерді беру кезінде өрескел заң бұзылғаны анықталған екен.
«Прокуратура жер учаскесінің міндетті аукцион өткізбестен берілгенін, сондай-ақ санитарлық-қорғау нормаларының бұзылғанын анықтады. Бұдан бөлек, жердің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны белгілі болды», - деп хабарлайды құзырлы органның баспасөз қызметі.
Осылайша, прокуратура сот арқылы қаланың ішіндегі үлкен жерді мемлекет меншігіне қайтарып берді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:39
Даркнеттегі қазақстандықтардың дербес деректері: ІІМ істі ерекше бақылауға алды
11 тамыз, 2026
Полиция ескертеді: Ашық терезе қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін
11 тамыз, 2026
Елордада құтқарушылар жанып жатқан жүк көлігін сөндірді
11 тамыз, 2026
Рекорд: Артық Доссалиев 17 тонналық автобусқа байланған арқанды тістеп, 15 метрге дейін сүйреді