Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

Бүгін, 18:48
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды
Фото: Ақорда

Президент Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құруға қатысты заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығын құру туралы келісімді ратификациялау туралы және осы орталыққа қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды. 

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.