Қыста жол қозғалысы қалай шектеледі - «ҚазАвтоЖол» төрағасы түсіндірді

Қыста жол қозғалысы қалай шектеледі - «ҚазАвтоЖол» төрағасы түсіндірді
фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Орталық коммуникацияларда өткен баспасөз мәслихатында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев қыс мезгілінде жол қозғалысын шектеу тәртібіне тоқтала кетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, қыста төтенше жағдайдың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, «Қазгидромет» кәсіпорнымен және басқа да тиісті ұйымдармен тұрақты байланыс орнатылған. Жол қозғалысын уақытша шектеу туралы шешім ауа райы болжамы мен жолдағы нақты жағдайға қарай қабылданады. Қауіпті ауа райы басталардан шамамен 3–4 сағат бұрын қозғалысты шектеу туралы шешім қабылдау көзделген.

«Басты мақсат – боран, көктайғақ және басқа да қауіпті жағдай кезінде жолда төтенше оқиғалардың туындауына, көліктер мен адамдардың қауіпті бөліктерде жиналып қалуына жол бермеу. Жол қозғалысын уақытша шектеу – ең алдымен адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған алдын алу шарасы. Мұндай шешім жолдағы қауіпті жағдайдың алдын алу үшін қабылданады», – деді Дархан Иманашев.

Төрағаның сөзінше, ауа райы жақсарғаннан кейін жол қызметі қауіпсіз қозғалысты мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараны қолға алады.

Еске сала кетсек, Астана полициясы жүргізушілерге қыс алдында ескерту жасады.