Қазақстан хоккейден Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Бүгін, 11:02
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан хоккейден Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтіп жатқан хоккейден Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы ойынында қазақстандық хоккейшілер Жапония құрамасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 7 қарашада Қытайға қарсы өткізеді. Ал 8 қарашада алаң иелері Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.

Еске салсақ, Астанада кураш күресінен XV әлем чемпионаты өтеді.