Иран Президенті Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады
22 наурыз, 2026
Фото: Ақорда
Иран Ислам Республикасының Президенті Ораза айт пен Наурыз мейрамдарына орай Қазақстан Президентінің атына құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Масуд Пезешкиан құттықтауында мейірім мен берекеге толы осы қастерлі күндері мұсылман елдері арасындағы татулық нығайып, өзара ықпалдастықтың тереңдеуіне септігін тигізетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста тұрақтылық орнауына және бауырлас халықтардың ынтымағы беки түсуіне тілектес екенін айтты.
Президент қасиетті Ораза айт пен әз-Наурыздың жаңару рухы Иран халқына бейбітшілік және бақ-береке әкелсін деген тілегін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
8 мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барды
8 мамыр, 2026
Қазақстан Түркия әуе кеңістігі арқылы әскери мүлік пен персоналды транзиттеу келісімін ратификациялады
8 мамыр, 2026
Президент Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды