Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында Қытайды жеңді
3 желтоқсан, 2024
Фото: olympic.kz
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы А тобында өнер көрсетуде. Бұл топқа Қытай, Сингапур және Оңтүстік Корея құрамалары кіреді. Отандастарымыз топтық кезеңді Қытай командасына қарсы ойынмен бастады. Кездесу қазақстандықтардың пайдасына 28:26 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, келесі ойын 4 желтоқсанда өтеді. Қазақстандық спортшылар Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды