Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында таяқ тартудан (маст-рестлинг) Қазақстан құрамасының спортшысы Нұрсұлтан Есімбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-орын иеленді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Осылайша, отандасымыз жарыстың қола жүлдегері атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медальді қосты.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында екі алтын медаль жеңіп алғанын жаздық.