Елордалық спортшы Еуропа кубогында жүлдегер атанды
31 наурыз, 2026
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогының жарысы өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы Толқын Тұрсынақынова сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Биылғы додаға әлемнің 32 елінен 305 спортшы қатысып, күштерін сынады.
+78 келі салмақ дәрежесінде белдескен Толқын Тұрсынақынова қарсыластарын жеңіп, нәтижесінде үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Еске сала кетейік, қазақстандық муайтайшылар халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
12 маусым, 2026
Астаналық спортшылар пара армрестлингтен Азия чемпионатында 15 медаль жеңіп алды
9 маусым, 2026
Азия чемпионы атанған астаналық спортшылар елге оралды
8 маусым, 2026
Астаналық гимнаст Испаниядағы турнирде екі қола медаль жеңіп алды
5 маусым, 2026
Астаналық спортшы Азия чемпионы атанды