Түркияның Кемер қаласында муайтайдан өткен XIV Antalya Open Cup халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм жəне спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Дүбірлі додаға әлемнің 25 елінен 500-ден астам спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының спортшылары да өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, 20 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды. Осы жетістіктің арқасында ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Бірінші орын иесі — Түркия құрамасы (26 алтын, 50 күміс, 73 қола), үшінші орын Мажарстан құрамасына бұйырды (9 алтын, 4 күміс, 0 қола).
Айта кетейік, Antalya Open Cup — муайтай спортындағы беделді халықаралық турнирлердің бірі болып табылады.
Еске салсақ, астаналық команда халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.