Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite халықаралық турнирінде Қазақстанның ерлер құрамасы жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық құрама қоржынына 5 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль түсті. Олардың қатарында ел намысын қорғаған елордалық былғары қолғап шеберлері де жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, Санжар Ташкенбай (50 кг), Нұрбек Оралбай (85 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг) алтын медаль иеленді. Ал Тимур Нұрсейітов (75 кг) қола жүлдегер атанды.


Биыл 40-рет ұйымдастырылған дәстүрлі турнирде Қазақстан, Украина және Англия құрамалары ең беделді қатысушылардың қатарында болды.
Бұған дейін астаналық таеквондошылардың ел чемпионатында топ жарғанын жаздық.