Астаналық таеквондошылар ел чемпионатында топ жарды

Бүгін, 15:07
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық таеквондошылар ел чемпионатында топ жарды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Түркістан облысында таеквондодан (WT) жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Республикалық додаға еліміздің 17 облысы мен 3 қаласынан 700-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.

Атап айтқанда, 44 кг салмақта елорда спортшысы Айым Серікбаева алтын медаль жеңіп алды; 52 кг салмақта астаналық Шералы Элеонора да қарсыластарынан басым түсіп, алтын жүлдегер атанды; 59 кг салмақ дәрежесінде Әділ Тілеубай қола медаль иеленді.

Айта кетейік, Астана қаласының спортшылары Шералы Элеонора (-52 кг) мен Айым Серікбаева (-44 кг) 17-21 сәуір күндері Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Еске салайық, бүгін спортшыларымыз екі спорт түрінен жарыс жолына шығады.