Астаналық балуан Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Грек-рим күресінен 60 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Әзербайжан балуаны Елмир Алиевпен белдесті.
Шешуші кездесуде Айбек Айтбеков қарсыласын 13:4 есебімен жеңіп, U23 санатында әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Астанада Республика күніне орай «25 қазан – 25 шақырым» онлайн-марафоны өтеді.