Елордалық жастар «Кел, шай ішейік» акциясын өткізді
13 қаңтар, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігі сайтынан
Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімдігі мен AMANAT партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының еріктілерінің ұйымдастыруымен «Кел, шәй ішейік» акциясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Еріктілер коммуналдық қызметкерлерге «Бухарест» саябағының аумағын қардан тазартуға көмектесіп, оларға ыстық шай мен дәмді тағам ұсынды. Өз кезегінде еңбеккерлер жылы лебіздерін білдірді.
«Жақсы дәстүрге айналған іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтті. Мұндай бастамалар коммуналдық қызметкерлер еңбегінің маңыздылығын айқындап, әлеуметтік бірлікті нығайтуға ықпал етеді», - деп атап өтті ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Руслан Сәбитов.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:48
Қырғызстан ОСК төрағасы: Астанадағы референдумда белсенділік жоғары
Бүгін, 15:59
Астанада волонтерлер коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратты
Бүгін, 15:43
Елордалық кәсіпкерлер Наурыз мерекесіне орай қайырымдылық акцияларын өткізіп жатыр
Бүгін, 15:19
Игі істер марафоны: Астанада жүздеген отбасыға азық-түлік себеті тапсырылды