Референдум-2026

Елордада суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған азаматша жауапкершілікке тартылды

Елордада суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған азаматша жауапкершілікке тартылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған азаматша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

«Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған 36 жастағы азаматша анықталды. Аталған құқық бұзушылыққа байланысты оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жаза қолданылды», делінген хабарламада.


ТЖМ тұрғындар мен қала қонақтарын судағы қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға шақырады. Тек рұқсат етілген жағажайда ғана шомылып, суға түсуге тыйым салынған орындарға бармауды сұрайды.

Еске сала кетсек, Астанада көпшілік шомылуға арналған 5 жағажай аймағы белгіленген.