Елордада полиция өзгенің телефонын ұрлаған күдіктіні ұстады
21 қазан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада полиция өзгенің телефонын ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Ер адам кешкілік уақытта монша-сауықтыру кешеніне барған кезде үстелде жатқан iPhone 14 телефонын байқаған. Қолайлы сәтті күтіп, басқа келушілердің барлығы бу бөлмесіне кеткенде ол гаджетті алып, монша кешенінен кетіп қалған. Осылайша 400 мың теңге көлемінде шығын келтірген», - деп жазылған хабарламада.
«Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері 43 жастағы ер адамды анықтады. Ол ұрланған телефонды сатып алушыларға сатқанын, түскен ақшаны керегіне жұмсағанын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup-тың алғашқы жеңімпаздары анықталды
20 қыркүйек, 2026
Астанада санитария-эпидемиология қызметінің өкілдері марапатталды
20 қыркүйек, 2026
Жексенбіде Астанада ауа райы қандай болады
19 қыркүйек, 2026
Астанада спортшылар мен жаттықтырушылар экологиялық акцияға қатысып, спорт кешендердің аумағын тазартты