Елордада дәмханадан шыққан өрт жедел сөндірілді – ВИДЕО
1 ақпан, 2026
Фото: ТЖМ
Астанада Елубай Тайбеков көшесінде орналасқан екі қабатты дәмханада өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ғимаратты қалың түтін басқаны анықталды. Ғимараттың бірінші және екінші қабаттарындағы жиһаздардың жануы 80 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің бүкіл ғимарат аумағына таралуына жол берілген жоқ», - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Еске сала кетейік, ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
14 наурыз, 2026
Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам қамалды – ВИДЕО
13 наурыз, 2026
Елімізде жыл басынан бері заңсыз айналымнан 580 қару тәркіленді
12 наурыз, 2026
Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 11 адам эвакуацияланды
12 наурыз, 2026
ШҚО-да жол саласындағы мекемеде жұмыста жоқ адамға жалақы төленіп келген