Елімізде сегіз жаңа электр станциясы салынады
7 сәуір, 2026
Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген көмір энергетикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесі қаралды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда көмір энергетикасын дамытудың маңыздылығына тоқталып, көмірмен қуат өндіру ісі бойынша Ұлттық жоба қабылдауды тапсырды.
Жоба аясында 5 жыл ішінде жаңа станса салу және қолданыстағы 11 стансаны жаңғырту есебінен 8 ГВт қосымша энергия қуатын алу көзделіп отыр», - деп атап өтті Премьер-министр.
Еске сала кетейік, Үкімет Конституцияға қатысты ақпараттық жұмысты күшейтеді.
Ұқсас жаңалықтар
2 тамыз, 2026
Үкіметте Ұлытау облысын дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды
1 тамыз, 2026
Қазақстанда білім, технология және жаһандық бәсекеге қабілеттілік басым бағыттар ретінде айқындалған
31 шілде, 2026
Олжас Бектенов бизнесті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
31 шілде, 2026
Үкімет гидроэнергетика саласын дамыту жоспарын бекітті