Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылғы қаңтар–тамыз айларындағы ауыл шаруашылығы саласының нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Министрліктің мәліметінше, өсімге мал шаруашылығы да, егін шаруашылығы да үлес қосқан. Мал шаруашылығы өнімдері 3,2%, ал егін шаруашылығы 4% артқан.
Мал шаруашылығындағы өсім
Сегіз айда республикада:
700 мың тоннаға жуық ет;
2,6 млн тоннадан астам сүт;
3 млрд-тан көп жұмыртқа өндірілді.
Жануар басы да ұлғайды:
ірі қара – 0,2%,
жылқы – 6,3%,
түйе – 4%,
құс – шамамен 3% көбейді.