Биатлоннан әлем кубогы: ерлер арасында өтетін жекелей жарысқа Қазақстаннан кімдер қатысады
22 қаңтар, 2026
Фото: olympic.kz
22 қаңтарда Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезекті кезеңі басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Алғашқы жарыс күні ерлер арасында өтетін жекелей сайысқа Қазақстан құрамасынан үш спортшы қатысады. Ел намысын Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин қорғайды.
Жарыс Астана уақытымен 22:15-те басталады.
Айта кетейік, бұл Әлем кубогы кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алдындағы соңғысы болмақ. Бұған дейін Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов Қазақстанның олимпиадалық құрамасына енген болатын.
Осыған дейін Милан-2026 Олимпиадасына баратын спортшылардың қаншалықты тәжірибелі екенін жазған едік.
Ұқсас жаңалықтар