Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті
Фото: akorda.kz

Бакуде ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz. 

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақ-Қатар сан қырлы серіктестігін нығайту, сондай-ақ бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыру перспективасына айрықша назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібі, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты.