Бүгін Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады
7 қыркүйек, 2025
Фото: olympic.kz
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жерлестеріміз күндізгі және кешкі сессияда бақ сынайды. Екі спортшы түстен кейінгі бәсекеде өнер көрсетсе, қалған үшеуі кешкі уақытта жұдырықтасады.
Жекпе-жектер кестесі (Қазақстан уақытымен):
Күндізгі сессия (15:00):
55 кг: Махмұд Сабырхан – Брайан Ортис (Мексика)
80 кг: Нұрбек Оралбай – Матви Ражба (Украина)
Кешкі сессия (22:00):
57 кг: Карина Ибрагимова – Элис Глин (Англия)
70 кг: Наталья Богданова – Санамача Чокчом (Дания)
65 кг: Ертуған Зейнулинов – Хуго Грау (Франция)
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
3 мамыр, 2026
Ахмади Маханов Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды
2 мамыр, 2026
Әртістік жүзуден Қытайда өткен Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы тағы үш медаль иеленді
2 мамыр, 2026
Елордада футболдан діни конфессиялар арасындағы турнир басталды