Азиада-2025: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті
9 ақпан, 2025
Фото: ҰОК баспасөз қызметінен
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Аяна Жолдас 2025 жылғы Азия ойындарында үшінші орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Финалда спортшы секіруден төрешілердің шешімі бойынша 76,54 ұпай жинады. Дәл солай қазақстандық қола медаль иеленді.
Жеңісті қытайлық Цю Мэнтао (90,94 ұпай) жеңіп алды. Екінші орынды тағы бір қытайлық спортшы Чэнь Сюжень (81,58 ұпай) иеленді.
Ардана Маханова шешуші кезеңге өте алмады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында үш күміс, бір қола медаль бар.
Ұқсас жаңалықтар
20 қыркүйек, 2026
Қазақстан бессайысшылары 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді
20 қыркүйек, 2026
Каратэші Софья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Азиаданың үшінші алтыны: Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарының чемпионы атанды
20 қыркүйек, 2026
Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының екінші алтынын әкелді