Референдум-2026

Ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды

Бүгін, 09:41
Думан Аманжол Думан Аманжол
Ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды
Фото: Азия ауыр атлетика федерациясы

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 358 (160+198) келіні еңсерді. 

Сондай-ақ дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154+197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.

Ал күміс жүлдені өзбекстандық Хикматилло Хайдаров жеңіп алды - 357 (161+196) келі.

Еске салсақ, елімізде Спорт күніне орай 250-ден астам спорттық іс-шара өтеді.